Геморройды емдеу
- Home
- Емдеу бағыттары
- Геморройды емдеу
тік ішек пен анус аймағындағы көктамырлардың кеңеюі.
Ол бірнеше түрге бөлінеді:
1. Ішкі геморрой
- Тік ішектің ішінде орналасады
- Бастапқыда ауырсыну болмайды.
- Негізгі белгісі — қан кету (дәрет кезінде).
- Кейде түйіндер сыртқа шығып кетуі мүмкін.
Ave Vitae клиникасында ішкі геморройды ауырсынусыз, отасыз(операциясыз), укол салу арқылы емдейміз.
Емге 15-20 минут уақыт жеткілікті.
7-15 күн арасында іштегі геморрой түйіндері кеуіп, қурап, өзі түсіп қалады.
2. Сыртқы геморрой
- Анус сыртында пайда болады.
- Ауырсыну, қышу, ісіну жиі болады.
- Қолмен байқалатын түйіндер болады.
Ave Vitae клиникасында сыртқы геморройды аз инвазивті емдеу(малоинвазивные лечение) тәсілімен емдейді.
Аз инвазивті емдеу (минималды инвазивті хирургия) — денеге үлкен кесулер жасамай, кішкентай тесіктер немесе табиғи жолдар арқылы жүргізілетін, тіндерді барынша аз зақымдайтын заманауи медициналық әдіс. Ол ауырсынуды азайтып, оңалту мерзімін тездетеді, асқыну қаупін төмендетеді.
Емдеу процесіне 20-40 минут уақыт кетуі мүмкін.
3. Аралас геморрой
- Ішкі және сыртқы геморрой бірге кездеседі.
- Белгілері де аралас түрде көрінеді.
Ave Vitae клиникасында аралас геморройды арнайы укол салу және аз инвазивті емдеу(малоинвазивные лечение) тәсілін үйлестіре отырып емдейді.
Аралас геморройды емдеуге 30-50 минут уақыт кетеді, күрделі жағдайда 1 сағаттан асуы мүмкін.
Ave Vitae клиникасында ем алғаннан кейін жүріп-тұруға шектеу жоқ, көптеген пациетіміз ем алып болғаннан кейін көлік жүргізіп үйіне қайтады.
2 сағаттан кейін үлкен дәретке баруға болады.
Сұрақ жауап
Иә, әрине!
Егер сізде ішкі геморрой болса арнайы укол салу арқылы геморройдан бір жола құтылуға болады.
Емге 15-20 минут уақыт жеткілікті.
7-15 күн арасында іштегі геморрой түйіндері кеуіп, қурап, өзі түсіп қалады.
Сыртқы геморрой көп жағдайда уколмен кетпейді, біз аз инвазивті хирургиялық тәсілмен геморойды алып тастаймыз.
Ем жергілікті наркоз негізінде жүргізіледі, 20-40 минут ішінде ауырсынусыз геморройдан құтыласыз.
Арала геморрой - ең көп кездесетін геморройдың түрі.
Ішкі түйіндер кіші болса, немесе геморройдың алғашқы сатысында емге келсеңіз уколмен емдеуге болады. Ал, егер II сатыдан асқан жағдайда аз инвазивті хирургиялық тәсілмен ем жүргіземіз.
Иә, біз әр пациентке 5 жыл кепілдік береміз, геморройдың қандай түрі болмасын бізден ем алған болсаңыз, 5 жыл ішінде қайта пайда болса ТЕГІН емдеп береміз.
Кері байланыс
Мекежай
Астана қ. Ақыртас 5
Қоңырау шалу
+7 778 631 7744
+7 778 631 8844
+7 700 318 8440
Хат жолдау
info@ave-vitae.kz